ҰБТ-ға қатысу үшін тапсырылатын құжаттар тізімі (маусым-шілде).
1. Орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.
4) өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасы (2 дана) (1-қосымша).
2. Орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері және халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтары ҰБТ-ға қатысу үшін желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш (ЖОО-да беріледі);
2) 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;
3) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
Бұл ретте техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күнтізбелік жылғы бітірушілері білімі туралы құжаттың орнына білім алған мамандығының (біліктілігінің) коды мен атауын көрсете отырып, өзі оқыған білім беру ұйымы беретін, ағымдағы жылы оқуды аяқтағандығы туралы анықтама береді (2-қосымша).
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) 086-У нысандағы медициналық анықтама;
6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа).
Тестілеу құны – 2242 тенге.
ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктер кассалары арқылы төменде көрсетілген реквизит бойынша жасауға болады:
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ
010011 Астана қ., Жеңiс д., 60
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX КБE 16
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін".
Сондай-ақ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы да төлем жасауға болады.
1-қосымша
АНЫҚТАМА
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
Жеке куәлігі № _________________ «___» __________ ______ жылы, қашан берді _______________________________ берілген, жеке куәлікті ұсынушы/
Туу туралы куәлігі «___» _______ 20 __ жылы, Серия ____ № _________ қашан берді ____________________________ берілген, туу туралы куәлікті ұсынушы кім берді __________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) __________________________________________________________ берілді,
себебі, ол 20 ___ жылы ____________________________________________
_________________________________________________________ бітіреді. (білім беру ұйымының атауы) Басшы ___________________________ ________ Мерзімі ____ _______20__ жыл. (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) қолы |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
Анықтама Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне немесе жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсыну үшін берілді Анықтама 2 данада беріледі. |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-қосымша
Анықтама
________________________________________________________________ берілді,
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
себебі, ол 20 ____ жылы _________________________________________________
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы)
_______________________________________________________________
(мекен-жайы)
_______________________________________________________________________
(техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандығының шифры және атауы)
мамандығы бойынша бітіреді.
Басшы_________________________________ ___________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)) қолы
Тіркеу № _____________ Мерзімі ___ ________20__ жыл.
Анықтама Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пунктіне немесе жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына ұсыну үшін берілді