Текст
Андықожа ауылының орта мектебінде «Отбасы – бақытым» атты өткізілген іс шаралар есебі.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
Мектебімізде 10 қыркүйек күні барлық сыныптарда осы тақырыпқа байланысты сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілер бірлесе отыра 5-8 сынып оқушыларына слайд арқылы өткізіп, бір- бірлерімен пікір алмасты. Жоғары сынып оқушыларына 9-11 сынып аралығына тәрбие ісінің орынбасарлары бейне ролик көрсету арқылы отбасының қаншалықты құнды екенін баяндай отырып, ой бөлісті.