Донской орта мектебінің жанындағы
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының
І жарты жылда жүргізген жұмысы жайлы есеп
Мектебімізде І тоқсанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы ұйымдастырылып, оның 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық жоспары құрылды. Үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жұмыс жасайды.
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының құрамына 5-10 сыныптар арасынан 15 оқушы қабылданды.
Сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына
адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы (сыбайлас жемқорлық) тақырыптардың енгізілуі
Мектеп тәлімгері Женисхан Саулегуль және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зейнел Отангүлдің қатысуымен өткізілген сынып жетекшілерінің отырысында мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық тәрбие бағытындағы тақырыптар енгізілді.
№
|
Сыныбы |
Сынып сағатының тақырыбы |
Сынып жетекшілері |
1 |
5 «а», 6 «а» |
«Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмайды» |
Ахай Ж. Зейнел О. |
2 |
5 «б», 6 «б» |
«Патриот своей страны не молчит о коррупции» |
Калиева Д.А.
|
3 |
7 «а», 8 «а» |
«Құпия сыр бәрі бір әшкере болады» |
Нурасал Әскербек Сабырова Д.А. |
4 |
7 «б», 8 «б» |
«Все тайное становится явным» |
Хамитова Қ.Т. Калиев А.Б. |
5 |
9 «а» , 10 «а» |
«Бір пара, Екі қылмыскер» |
Рахимжанова Б.Т. Женисхан С. |
6 |
9 «б», 10 «б» |
«Одна взятка, два преступника» |
Хамитов А.А. Шайкенова А.К. |
7 |
11 «а»
|
«Бүгін пара алсаң, ертең түрмеге қамаласың!» |
Бердиял А. |
8 |
11 «б» |
«Сегодня взятку собирал, завтра в камеру попал» |
Светова С.В. |
«Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға мектеп пен отбасының ықпалы» тақырыбында өтілген мектепішілік ата-аналар жиналысы
«Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға мектеп пен отбасының ықпалы» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыста аға тәлімгер Женисхан Саулегуль «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуға мектеп пен отбасының ықпалы» тақырыбында баяндама оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
ІІ тоқсанда да келесідегідей жұмыстар ұйымдастырылып, уақтылы іске асырылды. Атап айтсақ, қараша айында мұғалімдердің қатысымен «Қоғамдық тәртіп негізі» тақырыбында 9-11 сыныптарының қатысуымен пікірталас өтілді.
Желтоқсан айында 5-11 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы мектепішілік эссе байқауы өтіліп, 8-сынып оқушысы Бейсенбек Нұрсәуле 1-орын, 10-сынып оқушысы Мартынкевич Екатерина 2-орын, 7-сынып оқушысы Тасмұханбет Темирлан 3-орындарды иеленді.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесінен кейін мектебімізде ондаған жылдар бойы еуропалық елдерде тиімді қолданылып, нәтижесін беріп келген «Integrity Shop», Адалдық дүкенін ашу жоспарлануда. Оқушылар қажетті сомаға тауар алып, төленетін ақшаны кассалық аппаратты алмастыратын арнаулы жәшікте қалдырады. Адалдық дүкені жастардың бойында оңды моральдық қасиеттерді, соның ішінде әдептілік пен адалдықты қалыптасытурға бағытталады. Бұл факторлар «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға тікелей әсер етеді.
«Адал ұрпақ» жобасының дұрыс жолға қойылуы білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің қысқаруына, болашақ ұрпақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-өрісті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың мемлекеттік билікке сенімін арттыруға бағытталған жоба. Бұл жобаға 5-11 сыныптар арасынан 15 оқушы тағайындалды.
«Ақмола – адалдық алаңы» жобалау кеңсесінің ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру аясында 6 қараша күні сағат 12.00-де SABAK.KZ платформасының негізінде өткізген «Адалдық сағаты» бірыңғай интерактивті сағатына Біржан сал ауданының Донской орта мектебінің 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатысты.
«Ақмола-адалдық алаңы» аймақтық жобалау кеңсесінің басшысы Тайтенова Самира Өмірбайқызы сөз сөйледі. «Адалдық сағатын» өткізу барысындағы сөзінде өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтары туралы түсініктеме беріп, теріс салдары, олардың алдын алу шаралары туралы баяндады.
Облыс мектептерінің оқушыларының қойған әр түрлі сұрақтары қазіргі аумалы-төкпелі замандағы жемқорлыққа байланысты көкейтесті мәселелерді қозғап, «Адалдық сағаты» онлайн сабағына қатысып отырған оқушыларды толғандыра түсті. Бұл болашақта олардың сыбайлас жемқорлықты болдырмауының бірден-бір жолын ашып берді деуге болады.
Сонымен қатар желтоқсан айында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен 5-11 сыныптар арасында «Жемқорлыққа жол жоқ!» эссе байқауы өтілді. Эссені пән қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері тексеріп, тиісінше орындар иелендіріп, марапатталды.
Донской орта мектебінің тәлімгері: С. Женисхан